ШЖҚ «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» МКК
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы
AA+
090400 Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, А. Дауылбаев көшесі, №14 үй
87114132475
+7 7055922481
Сұрақ қою

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — ортақ іс.

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады, ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігінің жағдайынағана емес, сонымен бірге оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жертелімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.
Қазіргі таңда қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.
Жемқорлықпен қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталған.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №154 Жарлығын (2019 жылғы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы жарияланды).
Аталған баяндама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы              саясатын іске асыру нәтижелері туралы қоғамды хабардар ету үшін қалыптастырылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары баяндалды.
Бірінші тараус ыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің стратегиялық бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Екінші тарау халықаралық және қазақстандық рейтингтер мен зерттеулерге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы еліміздің ілгерілеуін талдаудан құралған.
Үшінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Сондай-ақ, жаңғыртылған моделі озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қалыптастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі құрылымдық өзгерістер сипатталады.
Төртінші тарауда Агенттіктің жобалары мен акциялары, қабылданған заңнамалық бастамалар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою туралы айтылған. Бұл жерде статистикалық деректер мен көрсеткіштерде көрсетілген мекеме қызметінің нақты нәтижелері көрсетілген.
Бесінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық бастамаларға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. Атапайтқанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының орындалуы туралыа йтылған.
Алтыншы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған Агенттіктің тұжырымдары мен ұсыныстарын қамтиды. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау жүйесіне, «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатыпалу бойынша бірыңғай заңды қабылдау мәселелеріне қатысты.
Сыбайлас  жемқорлық-пен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау мен алдын алу баршамызға ортақ міндет болып табылады.
Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлы болмаса, сіз бірыңғай Call-center 1424 телефон нөміріне хабарласа алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.
Сондықтан сыбайлас жемқорлық пен күресу барлық ҚазақстанРеспубликасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуге керек. Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, деген мен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адамадамгершілікке жат-қылықтардан бойына аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыс пен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық- заман ағысы мен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халық аралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әдідікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керк. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлық пен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. 
Сондықтан сыбайлас жемқорлық пен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Атауы Жүктеу
1 Хаттама жемқорлық.PDF
2/5